Қытай аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясы 14 шілде күні отандық Rainbow - CH-5 атты ұшқышсыз ұшатын ұшақты сәтті ұшырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Rainbow - CH-5 ұшағы заманауи әскери барлау және шабуылдау техникаларымен жабдықталған. 60 сағат бойы 10 мың метр биіктікте ұша алады. Тағы да айта кететіні ұшақ 1 тонна жүкті алып ұшуға қауқарлы. CASC арнайы өкілінің айтуына қарағанда Rainbow - CH-5 ұшқышсыз ұшағы жоғары технологиялы камерамен және барлау құрылғыларымен жабдықтырылған.
Ұшақ қоршаған ортаны қорғау, өрттен сақтану және теңізді барлау бағыттарында қолданылмақ.