Жесір әйел: «Мас күйде көлік жүргізіп, өзгенің өмірімен ойнамаңыздаршы...»

/uploads/thumbnail/20170717172200337_small.jpg

24 жастағы Техас тұрғыны Кристиана Герреро  жақында өзінің бірге шаңырақ құрған жары мен өмірге келуін тағатсыздана күтіп жүрген сәбиімен бірге жарқын болашақты жоспарлап жүрген. Олардың ұлдары жаңа жыл қарсаңында дүниеге келу керек еді. Алайда тағдыр оларға күтпеген сынақ жіберді...

Сан-Антониода жас жұбайлар бірге тамақтанып болғаннан соң үйлеріне қайтып келе жатқан жолда жантүршігерлік жол апаты орын алған. Рөлде отырған Кристиананың күйеуі сау болғанымен оларға көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқан жүргізуші келіп соқтығысқан. 21 жастағы мас жүргізуші өте жоғары жылдамдықпен қарсы беттен шығып, жантүршігерлік жол апатына себепші болды. Кристиананың жары Фадиан оқиға орнында қаза тапқан, ал әйел ауруханаға жеткізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Алғашқыда дәрігерлер баланың жүрегі соғып тұрғанын айтқан, алайда бірнеше уақыттан кейін дәрігерлер жағдайдың мүлдем басқаша екендігін айтып мойындауға мәжбүр болды. Сәби анасының құрсағында жатып қаза тапқан екен... Дәрігерлер өлі ұрықты алып тастауға шешім қабылдаған.

Жақын адамдарының өмірден өтіп кеткендігін қаламаған Кристиана өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында барлық жүргізушілерге арнап пост жазды.

«Бұл суретте мен енді есімді жиып, балам мен күйеуімнен айырылып қалған кезім еді. Ал бұл оқиғаға бір жүргізушінің мас күйінде рөлге отырғандығы себеп болды.

"Мұндай жағдай ешкімнің басына түспесе екен деймін, ешқашан қайталанбаса екен! Мас күйінде көлік жүргізуге бекінген адамды көрген болса, оның қолынан күштеп болсын көлігінің кілтін алып алу керек немесе ішіп алған адамдар біреуге қоңырау шалып, өзін алып кетуін өтінсе екен. Алайда бұл жолы жағдай мүлдем басқаша болды...

Ешкімде өзінің өмірін жазықсыз адамның өліміне себепкер болғаны үшін өкінішпен өткізгісі келмейтін шығар. Сол себепті де өтініш құрметті жүргізушілер, рөлге мас күйінде отырмаңыздаршы. Бұлай сіздер тек өзіңіздің емес, өзгенің де өмірімен ойнап жатқандықтарыңызды түсінсеңіздер екен деймін...

Алдағы уақыттарда өзімнің оқиғаммен сіздермен бөлісетін боламын. Ең құрымағанда, бұл оқиға басқа біреуге сабақ болар, өзге біреудің зарлап қалуына жол бермес...» - деп жазады Кристиана.

 

Жол көлік апатына себепкер болған адам қатты жарақат алған, алайда тірі қалыпты. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін оған «адам өлімі» бойынша айып тағылып, тергеу ісі жүріп жатыр.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи