Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті құны 12 млн. АҚШ доллары тұратын «МИ-171Е» маркалы тікұшақты сатып алуға жасалған келісімшартқа қол қою үшін шетелдік компания басшысынан 50 мың АҚШ доллар көлеміндегі параның бір бөлігін алғаннан кейін, ҚР ІІМ ТЖК АҚ «Қазавиақұтқару» бас директоры М.Д. Досымбековті және ҚР АШМ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директоры Т.Т. Сексенбаевті қылмыс үстінде ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Параның жалпы сомасы 100 мың АҚШ долларын құрады. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.