Астанада жоғалған 4 жастағы қыз белгісіз ер адаммен бірге табылды

/uploads/thumbnail/20170718144935488_small.jpg

Кеше Ұлттық гвардия әскери жасағы әскер капитаны Василий Гунько басшылығымен Астанада жоғалған қызды тауып алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР-ның Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сағат кешкі 6-лар шамасында әскери жасақ қызметі Нұрлы жол көшесімен кетіп бара жатып, Ш.Искакова азаматшасын кездестірген. Ол өзінің қызының жоғалғандығын айтып көмек сұраған. Әскерилерге қызын жоғалтқан ана сағат 16:00 шамасында жолыққан. Әскери жасақ әйелдің қызын іздеуге кірісіп оны белгісіз ер адаммен бірге тапқан. Қызды ертіп бара жатқан ер адам тоқтатылып, жедел-іздестіру тобы шақыртылған. Содан кейін ер адам мен әйел және оның қызы Астана қаласының Есіл аудандың ІІБ-ға жеткізілді.

Связанные Статьи