Желі қолданушылары Астана көгін қара бұлт тұмшалаған суреттерді жариялап жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып. Елордада таңғысын ауа райының құбылып тұрғанын байқауға болатын. Егер сол жағалауда бұлттар қаптап, жаңбыр жауғалы тұрса, оң жағалауда ашық аспанда күн жайнап тұрған. Ал түске таман Астана көгіндегі бұлттар қоюлана бастады. Ауа райының қалай құбылып жатқанын Астана тұрғындары суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялай бастады. 



Еске салайық, жуырда "Қазгидромет" еліміздің бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болатыны туралы хабарлама таратқан болатын. Нақты айтқанда, Астанада 18 шілдеде күн күркіреп, жауын жауады, кей жерлерде бұршақ. Жауында күндер Астанада 19 және 20 шілдеде сақталады.
Шолушы: Әсел Болатқызы