Аргентинада аяздан 4 адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170719130943807_small.jpg

Аргентинаның орталық және солтүстік бөліктеріндегі  аяздан соңғы тәулікте 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС мәліметіне сүйеніп.  Олардың екеуі үсіп қалған. Тағы 2 адам осы ызғарлы ауа райы кезінде «жылынамын» деп жүріп, газға уланып, қайтыс болған.

Айта кетейік, елдің шипажайлы Сан-Карлос де Барилоче қаласында ауа температурасы Цельсий бағанасы бойынша рекордты көрсеткіш минус 25 градусты көрсетті.  Жалпы Латын Америкасындағы ауа райы әдетте жаймашуақ осы елде «Ғасыр дауылы» атты салқын фронттың өтуіне байланысты Аргентинаның шаңғы тебуге арналған Сан-Карлос де Барилоче шипажайлы қаласын қар басып қалды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи