Мәдениет және спорт министрлігі көркем және деректі фильмдерді шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мәдените және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасап.
«Дайындалып жатқан картинаның ішінде «Көшбасшы жолы: Астана», «Томирис», «Сұлтан Бейбарыс» эпопеясының жалғасы ретінде тарихи жобалар түсіріледі. «Қазақ елі» сериалының жалғасы ретінде «Әміре әндері» фильмін таныстырамыз» деді министр.
Бұған дейін Мәдениет министрлігі туристік саланы дамытуды қолға алды. Ол үшін арнайы ұлттық компания құрды.
«Өткен аптада біз «Қазақ туризм» АҚ құрдық. Бұл акционерлік қоғамның алғашқы мақсаты Қазақстанның шетелдегі туристік потенциалын көтеру. Екіншіден, инвестиция тарту. Ұлттық компания арқылы туристік салаға инвесторларды тартқымыз келеді» деді шенеунік.
Оставить комментарий