Сауд Арабиясының полициясы қалада қысқа белдемше киген әйелді қалада ұстап алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдің ерсі қылықтар жасап қысқа киіп түскен видеосы желіде таралып кеткен. Тергеу кезінде әйел видеолардың желіге қалай таралып кеткендігі жайында білмейтіндігін жеткізді.
2016 жылдың 8 қыркүйегінде Сауд Арабия тұрғындарының 47%-ы әйелдердің өз қалағандарынша киіне беруін құптайтындықтарын жеткізген. Алайда корольдіктің әйел тұрғындары заң негізінде ұзын көйлек киюге міндетті.