Брэндон Кук: Қанат Ислам менің карьерамдағы ең мықты қарсылас

/uploads/thumbnail/20170719171643688_small.jpg

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін канадалық боксшы Брэндон Кук  Қанат Исламнан қандай қауіп күтетінін айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Қанат Ислам мықты боксшы екенін білемін. Ол - чемпион. Сондықтан да мен қиын жағдайда тұрмын. Мен оның тек екі ғана жекпе-жегін көрдім. Сол үшін оның жұдырықтасу стилі туралы ештеме айта алмаймын. Негізі кездесу алдында қарсыласымның жекпе-жегін көргім келмейді. Қарсыласты зерттеуді бапкеріме қалдырамын. 

Мен үшін қуанатын жәйт, бір ай бұрын мен жұмысымнан шығып кеттім. Енді Қанат Исламға қарсы кездесуге алаңсыз жаттығатын боламын. Бұған дейін мен 10 жыл бокспен есік-терезе орнатуды қатар алып жүрдім. 

Қанат  менің карьерамдағы ең мықты әрі қатал қарсыластарымның бірі, бірақ мен оған тойтарыс беруге дайын боламын. 

Бұл жекпе-жек үшін жарты әлемді басып өтіп, Қазақстанға баруға дайынмын. Менің арманым - чемпиондық белбеуге таласу,-деді Брэндон Кук


Связанные Статьи