Елбасы Әлібек Жақсыбековтың қызметін 2022 жылға дейін ұзартты

/uploads/thumbnail/20170719173525112_small.jpg

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына  сілтеме жасай отырып.

Жаңа жарлыққа сай 62 жастағы Әділбек Жақсыбеков бұл қызметте зейнеткерлікке шыққанға дейін істейді.

Айта кетсек, Әділбек Жақсыбеков 2004-2008 жылдары президент әкімшілігінің басшысы болған. Ол Астана қаласының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі, қорғаныс министрі, биліктегі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Связанные Статьи