Әзірбайжанда тыйым салынған жерде темекі тартқандар қатаң жазаланады

/uploads/thumbnail/20170719174738446_small.png

Әзірбайжанда бұдан былай жабық ғимарат ішінде және қоғамдық орындарда мүлдем шылым шегуге болмайды. Қазір елде осы мақсатта арнайы заң әзірленіп  жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 Хабар мәліметіне сүйеніп. 

Жақын арада Әзірбайжанда арнайы темекі шегетін орын азаяды. Басты себеп жаңадан қабылданған заң болып тұр. Депутаттардың ойынша енді көптеген жер темекі түтінінен таза болады. Мұндай арнайы заң Әзірбайжанда алғаш рет қабылданып отыр.

Парламент депутаты Мұса Гулиевтің айтуынша, темекіге қарсы заң парламенттің екінші отырысында қабылданды. Енді күздегі сессияда халық қалаулылары қаулыны қабылдап, жыл соңына дейін іс жүзіне енгізеді. Заңнаманың басты мақсаты - балаларды темекі түтінінен қорғау.

Сонымен қатар, жабық кеңселердің барлығында енді хор-хор мен электронды темекіні де тартуға тиым салынады. Осыған дейінгі заңнамада мейрамхана, кафелерде темекі шеге беруге болады делінген. Енді жаңа заң мұның барлығын жоққа шығарады. Егер тәртіп бұзылған жағдайлар тіркелсе, міндетті түрде айыппұл салынады.

Связанные Статьи