Ақмола облысында қоршаған ортаға қатысты 5 мыңнан астам заң бұзылған

/uploads/thumbnail/20170719174512993_small.jpg

Ақмола облысында жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау бойынша 5 мыңнан астам заң бұзу дерегі анықталған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп. Олардың 39-ы қылмыстық іс ретінде қаралып, тиісінше жаза қолданылған. Ал 300-ге жуық адам заңсыз аң аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Полицейлер  браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркілепті. Одан бөлек дала жануарларына да зиян келтіргендер де аз емес. Айта кетейік, 2015 жылдан бастап, заңсыз балық және аң аулағандарға жаза күшейтілді.

Заң бұзғандар қазір үш жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 70 тәулікке темір торға тоғытылады. Ал өте сирек кездесетін аңды аулағандарға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырады.


Связанные Статьи