Араб елдері Катарға қойған талаптарын жұмсартты

/uploads/thumbnail/20170720104224098_small.jpg

Катарға бойкот жариялаған 4 Араб елі маусым айында Катарға қойған 13 шартының орындалуын талап етуін тоқтатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр БҰҰ журналистеріне енді 6 шарт қана орындалса қанағат ететінін хабарлады.  

Оның ішінде терроризм мен экстремизмге күресті тоқтатпау, арандатушылық әрекеттерді тоқтату.

Террористерге қол ұшын созғанын жоққа шығарған Катар аталмыш мәлімдемеге әлі үн қатпады.

Катар егемендігіне қауіп төндіретін немесе халықаралық құқықты бұзатын талаптарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.  

Естеріңізге салайық, 6 апта бұрын Катарға қарсы қатал шектеу қойылған. Соның нәтижесінде газға бай 2,7 млн. халқы бар Әмірлік өзіне қажетті өнімдерді әуе мен теңіз арқылы тасымалдауға мәжбүр.

Араб елдері БҰҰ Нью-Йоркте өткен брифингте кикілжіңді бейбіт түрде шешкісі келетінін мәлімдеді.

Сауд Арабиясының елшісі Абдулла аль-Муалиминің хабарлауынша, Каирдағы кездесуде 4 елдің сыртқы істер министрлері 6 негізгі принцип құрды.  

New York Times-тың хабарлауынша, бұл принциптер терроризм мен экстремизмге қарсы күресті, лаңкестік ұйымдарға көмек көрсету, қаржылық қолдау білдіруге, басқа елдердің ішкі істеріне араласу, арандатуды тоқтатуға негізделген.

22 маусымда Катарға қойылған 13 талаптың ішінде: "Аль-Джазира" телеарнасын жабу, түрік әскери базасын жою, «Мұсылман ағайындар» ұйымымен барлық байланысты үзу және Иранмен байланысты әлсірету бар.

БҰҰ БАӘ тұрақты өкілі Лана Нуссейбе Катар басты принциптерді қабылдауға дайын болмаса, оның Араб елдері Кеңесінде мүше болып қалуы қиынға соғатынын ескертті.

Связанные Статьи