Ресейліктер нәрестені құтқарған ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде

/uploads/thumbnail/20170721102621706_small.jpg

Шілде айының басында 9 айлық Фатиманы құтқарып қалған ақтаулық жолсерік Алтынай Рамбаева көрші елде де танымалдылыққа ие болды.

Ресейдегі «Домашний» телеарнасы ол туралы деректі фильм түсіруде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» мәліметіне сүйеніп.

Фильмді Владимир Калашников түсіріп жатыр. Ол «ТМД жолсерігі» деп аталады. Фильм Фатиманы құтқарып қалған Алтынай жайлы ғана болмайды.

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың 3 шілдесінде «Маңғыстау-Астрахан» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева 9 айлық Фатиманың өмірін сақтап қалған еді. Оқиға жолда болған. Мақат станциясында купелердің бірінде баланың өліп қалғаны туралы хабарлайды. Алайда, жолсерік абыржымай, қызды қызметтік бөлмеге алып кіріп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. 40 минуттан кейін сәби есін жиып, дем алып, жылай бастаған. Фатиманың анасы Арайлым Жалиева болған оқиғаны керемет тірілту болды деп есептейді. Айта кеткен жөн, Арайлым да фильмнің кейіпкері болып, пойызда болған оқиғаны тағы да баяндады.

Айта кетсек, Алтынай Рамбаева өзі құтқарып қалған Фатиманың екінші анасы атанды, ол бүлдіршінді қызым деп атайды. Екі отбасы да достасып кеткен. 

 

Связанные Статьи