Алматыда Еуропа кинофестивалі басталды

/uploads/thumbnail/20170721104434104_small.jpg

Рим келісімшартының 60 жылдығын атап өту аясында Алматы қаласының «Kinopark 11  IMAX Esentai» кинотеатрында Еуропа кинофестивалі өтуде. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылуда. Фестиваль бағдарламасына Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Нидерланды, Румыния, Словакия және Латвия елдерінде түсірілген 11 фильм кірді.

Кино туындылары арасында әр түрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, 1987 жылғы «Оскар» сыйлығының үздік шетелдік фильм аталымына үміткер - "Деревенька моя центральная" фильмі (Чехия), Еуропа киноакадемиясының жүлдегері, 10 "Гойя" сыйлығының иегері - "Миниатюрный остров" (Испания) фильмі, Румыния кинематографистер одағы сыйлығының иегері - "Обезглавленный петух" фильмі және тағы басқалары.

 20  шілде күні фестивальдің ашылу рәсімінде көрермендерге қазақстандық режиссер Катерина Суворованың "Завтра море" фильмінің көрсетілімі, сондай-ақ, режиссердің көрермендермен кездесуі болып өтті. "Завтра море" деректі фильмі бұрынғы Арал теңізі жағалауы тұрғындарының өмірін баяндайды. Фильм Роберт Бош атындағы неміс қоры тағайындайтын гранттың жүлдегері болып табылады. Фильмнің тұсаукесері 2016 жылы тамызда Локарно кинофестивалінде өткен болатын.

 Шараның ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеа және «Завтра море» деректі фильмінің режиссері Катерина Суворова қатысты.

 «Фестиваль фильмдері еуропалық киноөндірістің түрлі жанрларын қамтиды. Біздің жыл сайын ұйымдастыратын еуропалық кинофестивальдеріміз тек жарқын картиналардың көрсетілімі ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропаның мәдени әрі әлеуметтік жағынан тәжірибе алмасуының көрсеткіші. Біз Алматыдағы жанкүйерлерімізге еуропалық болмыс әлеміне саяхаттауларына мүмкіндік беретінімізге қуаныштымыз», - деп, атап өтті Елші Траян Христеа.

 Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Барлық фильмдерге кіру тегін және кешкі сағат 19:00-ден бастап көрсетілетін болады.

 Кинофестивальдің толық бағдарламасы Қазақстандағы Еуроодақтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған - @euinkz

 

 

 

Связанные Статьи