Британия мен ЕО келіссөздің алғашқы кезеңінде келісімге келе алмады

/uploads/thumbnail/20170721112022798_small.jpg

Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы жөнінде келіссөздердің алғашқы кезеңі ешқандай нәтиже бере қоймады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 ЕО азаматтарының құқықтары мәселесі бойынша Брекзиттен кейін екі жақ келісімге келе алмады, сондай-ақ ЕО құрамынан шығып бара жатқаны үшін Лондонның компенсация төлеу-төлемеу мәселесі де жауапсыз қалды. Бұл туралы келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында ЕО делегациясының басшысы Мишель Барнье мәлімдеді.  

Келіссөздің келесі кезеңі тамыздың аяғында өтеді деп жоспарланды. Бұл кездесуде Брекзиттен кейінгі ЕО пен Ұлыбритания азаматтарының құқықтарына көбірек көңіл бөлінетін болады. Британия ЕО пен еркін сауда жөнінде келісімге келуді көздейді. Алайда Брюссельде алғашқы екі сұрақтың жауабын алмайынша, сауда келісімі жөнінде айтуыдң да қажеті жоқ екенін мәлім етті.

Айта кетейік, Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығу мәселесі 19 маусымнан бері талқыланып жатыр. Бұл процесс 2018 жылдың соңына дейін созылады деп жоспарланған.

Связанные Статьи