Петропавлда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көпір жөнделіп жатыр

/uploads/thumbnail/20170721123755582_small.jpg

1 млрд. 200 млн теңге. Петропавл қаласындағы көпірдің жөндеу жұмыстарына «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұлттық қордан осынша қаражат бөлінді.

«Астана –Петропавл» транзиттік дәлізіндегі өтпелі жолды жаңғыртуға 100 адам жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылып, нысанның қазығы қағылды. Мамандардың айтуынша, құрылысқа негізінен отандық материалдар қолданылады. Төрт жолақты көпір 2018 жылдың қарашасына қарай пайдалануға берілуі тиіс.

Сонымен қатар биыл Петропавлдан Ресейдің Қорған облысы шекарасына дейінгі 60 шақырым жолдың құрылысы басталады.   

Болатбек Айтбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ СҚОФ директоры:

– Қайта жөндеу осы мынау «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатыр. Негізі биылға деген жоспарымыз осы қазан айының ақырына дейін сол жағымен көлік қозғалысын жандандыру мақсатын орындау.

Связанные Статьи