«Нұрлы жол» аясында жол құрылыстарында бүгінде 75 мың адам жұмыс істейді

/uploads/thumbnail/20170721130646837_small.jpg

Бұндай мәліметті министр хабарлады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол құрылыстарында бүгінгі күні 75 мың адам жұмыс істейді. Биыл бұл көрсеткіш 100 мыңнан асатын болады. 2,5 жылдың ішінде 1300 шақырым автожол іске қосылды. Соның арқасында осы жылдың бес айында Қытайдан Орталық Азияға және Ресейге баратын жүк көлемі екі есе артты. 4400 шақырым жолда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2017-2018 жылдары аяқталады. Ал, 2020 жылға дейін жалпы 7 мың шақырым автожол жөнделіп және қайта құрудан өтетін болады», дейді бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мырза.

Связанные Статьи