Израильде қақтығыс салдарынан 5 адам қаза тауып 377 адам зардап шеккен

/uploads/thumbnail/20170722095351736_small.jpg

Израильдің Иерусалим қаласында жаппай тәртіпсіздіктер орын алып нәтижесінде 377 адамға дейін зардап шеккен. Мұсылмандар мен полицейлер арасында болған ереуіл соңы қақтығысқа ұласып, салдарынан 3 адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рентв-ға сілтеме беріп. Қызыл Жарты ай қоғамының дерегі бойынша, марқұмдардың барлығы – палестиналықтар. Ал жапа шеккендер қатарында израильдіктер де бар. Өткен аптада шаһарда қарулы шабуыл жасалып, израильдік 2 полицей көз жұмды. Осыдан кейін жергілікті билік «Иерусалимнің ескі қаласы» ауданында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Халықтың ашуға мінуіне осы жайт себеп болған. Өйткені мұнда мұсылмандар, христиандар мен иудилер үшін қасиетті орындардың бірі орналасқан. Жаңа ережеге сай металл іздегіш құралдар орнатылып, қатынас едәуір қиындаған. Соңғы мәліметке сүйенсек, жағдайдың ушығуына байланысты Палестина басшысы Махмұд Аббас Израильмен барлық деңгейдегі қарым-қатынасты тоқтататынын жария етті.  


Оставить комментарий

Связанные Статьи