Қазақстан Елшісі Хорватия Президентіне сенім грамотасын тапсырды

/uploads/thumbnail/20170722095707341_small.jpg

20 шілдеде Загреб қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватия Республикасының Президенті Колинда Грабар-Китаровичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты шарада отандық дипломат Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Хорватияның Мемлекеттік күнімен құттықтады және Хорватия халқына ең ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 - жылдығының аясында, Елші қазақстандық-хорват ынтымақтастығының кешенді түрде нығаюын және халықаралық аренада екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған Астананың дәйекті саясатына назар аударды.
Президент К. Грабар-Китарович саяси диалогты дамытуда елеулі әлеуетті атап өтті, сондай-ақ Хорватия мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, сауда-экономикалық салаларында өзара ықпалдасуға және екі елдің халықаралық сахнада бірлескен өзара іс-қимылдарға өзінің дайындығын білдірді. Хорватияның Мемлекет басшысы Қазақстандық дипломатқа табысты жұмыс тіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи