Қызылордада 3085 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзды

/uploads/thumbnail/20170722100732236_small.jpg

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың алты айында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3085 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарты жыл ішінде облыс аумағында 20 689 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 709 - алыс шет мемлекеттерден, 19 980 ТМД елдерінен келгендер. Олардың елге келуінің басты мақсаты еңбек қызметімен айналысу болып табылады. Аталмыш уақыт аралығында  көші-қон заңнамасын бұзған 3085 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБК-нің 518-бабы бойынша, яғни шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін - 148 және ҚР ӘҚБК-нің 519-бабы бойынша,  шетелдік жұмыс күшін ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін 60 азаматқа әкімшілік шара қолданылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген  11 шетелдік және Өзбекстан Республикасының 162 азаматы республика аумағынан аластатылып, 551 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.

Ағымдағы жылдың алты айында көші-қон полициясы қызметі бөліністерімен 12 млн.-нан астам теңгеге айыппұл салынып, оның 95% өндірілді.

Сонымен қатар, жыл басынан 8681 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке салық ретінде 85 млн. 650 мың 512 теңге түсім түсті. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи