Түркиядағы қазақстандық туристер көмек сұрауда

/uploads/thumbnail/20170722101828117_small.jpg

 Түркияда демалып жатқан қазақстандық туристер көмек сұрап жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркияда демалып жүрген қазақстандық азаматша Зарина Абденова өзінің Фейсбуктегі парақшасына жазып жариялаған.

«Жер сілкінісі жалғасып жатыр. Әр 30 минут сайын 4-5 баллдан болып тұрады. Ұшақ ұшпайды. Бассейн аумағында жағажайдан 30 метр жерде ұйықтап жүрміз. Мүмкін Қазақстан өзінің азаматтарын алып кетуге  ұшақ жібереді?» деп жазыпты ол өзінің жеке парақшасында.

Еске салсақ, Түркияда 19 шілде күні 6,3 магнитудалы жер сілкінісі болып өтті. 358 адам ауруханаға көмекке жүгінген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи