АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы орынбасары Сару Сандерсті Ақ үйдің баспасөз хатшысы, сондай-ақ өзінің жеке баспасөз хатшысы қызметіне тағайындады, деп хабарланды Ақ үйдің мәлімдемесінде.
«Президент Дональд Трамп Сару Сандерсті АҚ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне көтерді. Ол президенттің жеке баспасөз хатшысы және Ақ үйдің баспасөз қызметінің басшысы атанды», - делінген мәлімдемеде.
«Өзінің жаңа қызметінде ол халықты алаңдататын мәселелерді көтеріп, елдегі экономиканың өсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ Американың қауіпсіздігін де қаматамасыз етеді», - деп келтірді Ақ үй президенттің сөзін.
Айта кетейік, жұма күні Трамп өзінің баспасөз хатшысы болған Шон Спайсердің қызметтен кету жөнінде өтінішін қабылдады. Ал жаңа баспасөз хатшысы Сандерс Спайсерді «әріптесетен де жоғары санайтынын, өзіне нағыз дос пен ұстаз болатынын» айтты.
Бұдан бөлек АҚШ президенті жұма күні финансист Энтони Скарамуччиді байланыс жөніндегі директор етіп тағайындады.
Оставить комментарий