Барахолкада салқын көжені дәретхана суымен жасаған әже елдің ашуын келтірді

/uploads/thumbnail/20170722104310277_small.jpg

Алматының Барахолка базарында тағы бір кішігірім олқылықтың беті ашылды. Кішкентай кезімізден сүйіп ішетін салқын көжені сатып алмас бұрын, оның қалай жасалғандығына көңіл бөлген дұрыс, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Барахолка базарында көже сататын Алматы тұрғынының іс-әрекетіне куә болған Ләззәт Тоқмолдаева есімді әлеуметтік желі қолданушысы өзінің жеке парақшасында көрген оқиғасы жайында пост жазды.

"Барахолка дəретханасына кіріп, мынандай көзбояушылықтың куәсі болдым. Бір апа қолындағы үлкен қол дорбасымен кірді де, ішінен бір кішігірім дорбасын шығарып, ішіндегі піскен арпаларын бір шелекке салды.Қайтер екен деп қарап қалдым.Əлгі шелекке дəретханадағы қол жуатын шүмектен, қолындағы ожауымен су толтыра бастады. Сонан соң əлгі шикі су құйылған сумен, арпаны арлы берлі араластырып, үстіне бөтелкелердегі айрандарын құйды. Содан соң, əлгі қол дорбасынан арнайы мұздатылған бөтелкедегі мұздарын кір қожалақ бөтелкесімен шелегіне салды да, əлгі көжесін сатуға шығып кетті. Бұл не масқара. Біріншіден қайнатылмаған дəретхананың шикі суы, екіншіден сырты кір қожалақ бөтелкедегі мұз. Сонда бұл қандай көже. Оны адамдар қып қызыл ақшасына стақанын 100 теңгеден алып ішеді. Оның үстіне дəретхана таза жер емес.Ондағы ішек құрт таяқшалары адам ағзасына түскен соң, не болмақ?" - деп жазады желі қолданушысы. 

Көже сатушының бұл ісіне қатысты әлеуметтік желіде түрліше пікірлер білдіріп жатыр. Бірі "тіршіліктің қамымен жүр ғой" деп түсіністік білдіруде, дегенмен Алматы тұрғынының мұндай көжені сатып жатқандығына наразылық білдіріп, мұндай олқылықтың алдын алу керек деген пікірлер көптеп кездеседі. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи