Алматы-Қапшағай тас жолында ірі жол-көлік апаты орын алды (фото)

/uploads/thumbnail/20170722105829898_small.jpg

Алматы облысында Қапшағай тас жолында 4 автокөлік соқтығысып жол апаты орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Lexus жүргізушісі Алматыға қарай жол жүріп келе жатып КамАЗ-ға соқтығысып, бетон блогына тірелген. Сол уақытта жолда жүріп бара жатқан Volkswagen бетон блогын көріп тежегішті басқанда оның артында келе жатқан Toyota көлігі оған соқтығысқан.  Орын алған жол-көлік апатынан 4 автокөліктегі жолаушылар зардап шегіп ауруханаға жеткізілді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи