Алдағы күндері еліміздің солтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады . Кей өңірлерде бұршақ жауып, желдің екпіні күшейеді. Ал Қазақстанның басқа аймақтарында ыстық ауа температурасы сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамына сәйкес, оңтүстік және батыс облыстарда сынап бағанасы күндіз 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал Шығыс және Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 35 градусқа жетеді.
Оставить комментарий