Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы мұнай компанияларының бірінде орын алған жағдайдың видеосы таралды. Оқиға Қарабатан вахталы қаласында болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Видеода асханадағы тамақтар мен сусынды таратып тұрған жігіттің жергілікті тұрғындардан бананды тығып тұрғаны көрінеді. Ал шетелдік жұмыскерлердің кезегі келген сәтте олар банандарды шығарып, шетел азаматтарына бере бастайды. Аталмыш видеоролик 20 мыңнан астам көрілімге ие болған, сонымен қатар 300-ей қазақстандықтар пікір жазып, наразылықтарын білдірген.
Пікір жазған әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, Атыраудағы кез келген компанияларда мұндай олқылықтар кездеседі екен.
Оставить комментарий