Астананың сол жағалауындағы тұрғындар ауыз сусыз қалды

/uploads/thumbnail/20170723132211565_small.jpg

Астанада сол жағалаудағы біраз көшелердің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан ауыз сусыз қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Есіл ауданы әкімдігі Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

«Құрметті, Есіл ауданының тұрғындары! Бүгін, 23 шілдеде сағат  06:35-те   Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында су құбыры жарылған еді. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы»  МҚК жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізуде. Қазір қанша тұрғын үйге ауыз су беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанға дейін суды көлікпен тасу  ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.



Оставить комментарий

Связанные Статьи