Алматыда Toyota Land Cruiser Prado-мен Hyundai Accent-тің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Оқыс оқиға таңғы сағат 5-6 шамасында болған.
Алғашқы мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser Prado Қабанбай көшесінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Ол Фурманов көшесімен келе жатқан Hyundai-ға қағып өтеді. Соққыдан Hyundai тұрақтағы Газель көлігіне барып соғылады. Hyundai көлігіндегі жолаушылардың бірін алып шығу үшін гидравликалық құралдар пайдалануға тура келді.
Жол апатынан барлығы 9 адам жапа шеккен. Prado көлігінің жүргізушісі өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Жол апатының себептерін жол полициясы анықтап жатыр.
Оставить комментарий