Ольга Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде жүлделі орынға ие болды

/uploads/thumbnail/20170723115618514_small.jpg

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Монакода өтіп жатқан «Гауһар лигасының» кезеңінде үш қарғып секіруден 6-орынға ие болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Рыпакованың ең жақсы нәтижесі - 14,12 метр. Жеңімпаз 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы колумбиялық Катерине Ибаргуэн болды.

Сонымен қатар 2-орынды соңғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері венесуэлалық Юлимар Рохас иеленді. Ал 3-орын Ямайка өкілі Кимберли Уильямсқа бұйырды. «Гауһар лигасының» келесі кезеңі 20 тамыз күні Англияның Бирмингем қаласында өтеді. Ал оның алдында, яғни 13-15 тамыз аралығында Ұлыбританияда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Ольга Рыпакова қатысатын болады. 

 



Оставить комментарий

Связанные Статьи