Жарылғыш зат толтырылған көлік Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб аймағында орталығында жарылды. Салдарынан әскерилермен қоса 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аль-Маядин арнасына сілтеме жасап.
Деректерге сәйкес, жарылған көлік «Джебхат ан-Нусра» аталатын террористік топқа тиесілі болған.
Арабиялық БАҚ мәліметтерінде көрсетілгендей, Идлиб қаласы «Ахрар аш-Шам» террористерімен болған соңғы қарқында күрестен соң «Джебхат ан-Нусра» тобының бақылауына көшкен болатын.
Өткен аптаның жұмасында Рейтер агенттігі «Ахрар аш-Шам» және «Джебхат ан-Нусра» террорлық топтардың Идлиб ауданында өзара қарулы қақтығыстарды доғаруға дайындық жүргізіп жатқандығын хабарлаған болатын.
«Ахрар аш-Шам» - негізгі базасы Идлиб аймағында орналасқан Сириядағы ең ірі террорлық топтардың бірі.
Оставить комментарий