Ұлыбританияның сүңгуіршілері Екінші дүниежүзілік соғысы уақытындағы жүк кемесінде алтыны бар жәшікті тапты. Ол ұлтшылдарға тиесілі болған деген болжам бар. Advanced Marine Services компаниясы шамамен Оңтістік Америка банктерінен алынған SS Minden кемесінен төрт тонна алтын тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.
The Sun газетінің хабарлауынша, кеме Бразилиядан Германияға жол тартқан, бірақ 1939 жылы Исландия жағалауынан 190 км. жерде теңіз түбіне батып кетеді. Advanced Marine Services компаниясы Исландия елінен кемеде тесік жасап, жәшікті алуға рұқсат сұрап отыр. The Sun компания бұл алтынды Ұлыбританияға алып кеткісі келетінін де жазады.
Табылған олжаның жалпы құны шамамен жүз миллион фунт құрауы мүмкін.
Оставить комментарий