Астанадағы автовокзал жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетеді

/uploads/thumbnail/20170724102158279_small.jpg

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық - ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжановтың айтуынша, жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алуда. Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ. Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

 - Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, дүңгіршектер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар, - деп хабарлады Ж. Бекжанов.

Еске салатын болсақ, «EXPO — 2017 Astana» ұлттық көрмесі аясында Астанада ағылшын тілін білетін такси қызметі де қолға алынған болатын. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері, тасымал мен хабар алмасу саласында да ағылшын тілін білетін мамандар қызметі қосылған болатын. Сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен волонтер жастар тартылған еді.

Айта кетсек, «EXPO — 2017 Astana» ұлттық көрмесі аясында Астанада жаңа автобекет қана емес, «Нұрлы жол» деп талатын жаңа темір жол вокзалы және «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы жаңа халықаралық әуежай терминалы өз жұмысын бастаған еді. Олардың бәрінде EXPO қонақтарына арналып, қажетті жағдайлар толықтай жасалған. Қонақтар қалауынша тасымалдың түрлерін таңдай алады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи