Ауғанстанда содырлар тобы 70 адамды ұрлап әкеткен

/uploads/thumbnail/20170724101958753_small.jpg

Ауғанстанның Кандагар провинциясында белгісіз қарулы топ 7 тұрғынды өлтіріп, 70-тен астамын ұрлап әкеткен деп хабарлайды   Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап. Полиция шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары жасады  деп күдіктеніп отыр. Қазір тәртіп сақшылары тұтқындағы 30 адамды азат еткен. Қалғандарының халі белгісіз. Ал үкімет күштері бірнеше күннен бері ел аумағының ондаған аймағында арнайы операция жүргізіп жатыр. Сарбаздар соңғы бір күннің ішінде 60-қа жуық содырдың көзін жойған.

Айта кетейік, қазір Ауғанстанда тәліптер ірі қалаларға шабуылдарын жиілеткен. Сонымен қатар «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» да өз ықпалын нығайтуға күш салып жатыр.


Оставить комментарий

Связанные Статьи