Жемқорлық дерегі бойынша сотталып жатқан 61 жастағы ер азамат Ақмол ауылындағы прокуратураға мылтықпен кіріп, есік алдында отырған прокурор мен АІІБ қызметкерін атып тастады. Артынша далаға шыққан ол саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған кешеннің жанына барып өзіне де қол жұмсаған.
Оқиға болған күні Бас Прокурор, яғни а.ж. 20 шілдесінде іске қатысты барлық мән-жайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы өкілді ауданға жіберді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда О.А.Жампозов бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отырған қылмыстық іске қатысты прокурордың ұстанымы қаншалықты негізді екенін анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Сонымен қатар Бас прокуратурамен өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша іс Целиноград АІІБ қозғалып, ҚР ІІМ қайта жүктелді. Сотқа дейінгі алдын ала тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау Астана қаласының прокуратурасына жүктелді. Егер жоғарыда аталған факт расталған жағдайда, осы оқиғаға қатысы тұлғаларадың барлығы заң алдында жауапкершілікке тартылатын болады.
О.А. Жампозов пен өзге де бес азаматқа қатысты бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық істі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеу жұмыстарын жүргізді.
Прокуратура атқарылған жұмыстарды қоғам назарына мәлімет үшін жеткізіп отыратын болады.
Бас прокуратура О.А. Жампозовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Сондай-ақ аталған іске қатысты барлық жайтты толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілетініне кепілдік береді.
Оставить комментарий