Қазақстан мен Грузия: дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл

/uploads/thumbnail/20170724111012813_small.jpg

Қазақстан мен Грузия барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып келеді.

2017 жылы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 1992 жылдың шілдесінде Алматыда Грузияның дипломатиялық миссиясы ашылды. 2003 жылы Астанаға ауысты.

25 жылдың ішінде екі ел мәдени, экономикалық, саяси ынтымақтастығын нығайтып келеді. Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев Хабар арнасына берген сұхбатында Грузияның Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін айтты.

«Жай ғана санды атасақ та болады – Қазақстан $340 миллионнан жоғары қаржыны Грузияның экономикасына жұмсады. Бұл жерде ірі ұлттық компаниялар бой көтерген – «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл». Қазақстанның Грузияда өз активтері бар. Қазақстан 49 жылға жалға алған Батум порты бәріне мәлім. Біз ашық теңізге шыға алмайтындықтан, геостратегиялық жоспар тұрғысынан да Грузияның Қазақстан үшін маңызы зор».

Оставить комментарий

Связанные Статьи