Техаста жүк көлігінен 8 адамның мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20170724110752005_small.jpg

 Техаста жүк көлігінен 8 адамның мәйіті табылды. Мәйіттер арасында екі баланың өлі денесі бар. Оқиға АҚШ-тың Техас штатында болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

 Күдікті көрінген жүк көлігі жайлы полицейлерге таяудағы дүкен қызметкерлерінің бірі хабарлаған. Тексеру кезінде оның тіркемесінің ішінде марқұмдардан бөлек тағы 28 адамның отырғаны анықталды. Көбісі әлсіреп, жағдайы нашарлап кетіпті. Сондықтан біразі ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала жасалған болжам бойынша , қамаудағылардың барлығы мексикалық болуы мүмкін. Өйткені Техас штаты Мексикамен арадағы шекарада орналасқан. Алайда не себепті қамауға алынғандары хабарланған жоқ. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи