Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты болып, оның салдарынан әкімінің кеңесшісі мен депутат қаза болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі okg.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Осы оқиғаға байланысты таратылған мәліметтерге қарағанда, марқұм болған азаматтар отырған "Тойота Прадо" көлігін 1985 жылы туған түркістандық азамат басқарған. 32 жастағы жүргізуші қазір Түркістан қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдірайымовтың айтуынша, рөльде болған жүргізушінің Сейіт Ертай мен Қамытбек Айтөреевке туыстық қатынастары жоқ. Ол зиярат етіп келген депутат пен кеңесшіні алып жүрген. Ал жол жиегінде көлігі бұзылып тұрғандар Сайрам ауданының тұрғындары екені анықталды. 40 жастағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны ұлымен бірге Иқан аулылынан Газ-53 автокөлігіне қарбыз артып, үйіне қайтып келе жатқан. Жолда көлігі бұзылып қалады. Жол жиегінде тұрған оларды Тойота Прадо көлігі соғыпты. Жол көлік оқиғасынан әкелі балалы ешқандай зардап шекпеген.
Еске салайық, кеше күндіз сағат 13-00-дер шамасында Шымкент-Самара тасжолының 107 шақырымында жол жиегінде бұзылып тұрған Газ-53 автокөлігіне Тойота Прадо көлігі соқтығысып, соның салдарынан екі жолаушы қаза тапқан еді. Бақилық болғандар Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен облыстық мәслихаттың депутаты Қамытбек Айтөреев еді. Ал, Тойота көлігінің жүргізушісі ауруxанада жансақтау бөліміне түскен болатын. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық істі ОҚО ІІД-нің Анықтау басқармасы қарауда.
Оставить комментарий