Анасы немесе әкесі... Ажырасудың салмағы балаға түседі (видео)

/uploads/thumbnail/20170724123008676_small.jpg

Ажырасу... Өткен замандарда бұл сөзді айтудың өзі үрей тудыратын, бір жұптың ажырасқаны қоғамдық мәселе саналған. Ал бүгінде ажырасу қалыпты жағдайға айналып барады. Әлем бойынша некелескен екі жұптың бірі көп ұзамай ажырасып жатады. Оның себебі де көп: тұрмыстық жағдай, түсініспеушілік, қаржылық қиындықтар, қолдаудың жетіспеушілігі – осылардың салдарынан екі жастың сезімі сөнеді. Сабырлық танытып, бір шешіміге ойланып келудің орнына, ажырасуға бел байлайды. Ең сорақысы, сол ажырасудың бір ұшы балаларына тиетінін олар ойлап та жатпайды. Анасы немесе әкесі... Осы екеуінің қайсысымен қалатынын сұрап, жауап беруін талап етіп жатады. Бұл әдіс есі кірген балаға қатысты. Ал есі кіре қоймаған сәбилер көбіне анасымен қалып жатады, не болмаса ата-ана арасында балаға таласу процесі жүреді.

Әттең, ана мен әке ескермейтін бір мәселе бар. Мұның бәрі баланың психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Бала не анасымен, не әкесімен тұруды қаламайды, ол толыққанды отбасының болғанын аңсайды.

Әлеуметтік желіде «ажырасу» жайында әсерлі видео таралды. Видеодан ажырасудың салмағы балаға түскенін байқаймыз. Оны кез келген ата-ана байқаса деген ниетпен Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі видеомен бөлісуді жөн көрді.   

Оставить комментарий

Связанные Статьи