Талибтер Ауғанстанның үшінші ауданын басып алды

/uploads/thumbnail/20170725171023528_small.jpg

Талибтер Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы ауданын басып алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Пактиz провинциясындағы Яни Хел ауданын жаулап алу Пәкістан шекарасындағы ауыр шайқастан кейін орын алған. Шет аймақтық кеңестің басшысы dpa агенттігіне хабарлағандай, аудан орталығында үкімет әскерлерімен болған атыстан кейін 25 шілдеде таң ата «Талибан» ауданға бақылау орнатқан.

Провинция полицей басшысының өкілі қорғаныс күштерінің аудан орталығын әлі де бақылап отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, талибтердің губернатор кеңсесін, полицей штабын және аурухананы өртеп жібергені хабарланды. Талибтердің айтуынша, олар ауданды түгелдей жаулап алған.

23 шілдеде "Талибан" Кухистан аймағындағы Тайвар ауданына бақылау орнатқан.

Связанные Статьи