Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық 6 студент табылды

/uploads/thumbnail/20170725175005243_small.jpg

Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

«Біздің дипломаттарымыздан Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті. Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша аталған қазақстандық студенттерді Каир қаласында құқыққорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ», -деді Әнуар Жайнақов

«Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселеге байланысты кездесу өткізбек. Қосымша ақпарат Мысыр тарабымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады. Осы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының ерекше және үнемі бақылауында», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Связанные Статьи