Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери жиындарға дайындалуды, оларды өткізуді ұйымдастыру және әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру, сондай-ақ жұмылдыру және жауынгерлік әзірлікті көтеру мақсатында әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге шақыру болып табылады. Әскери оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірліктерін арттыру, аудандарда жиынтықтауда соғыс уақытында оларды жасақтау және жұмылдыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында орналастыру үшін дайындық жасау.
Әскери міндеттілердің әскери жиыны сипаттама және мақсаты бойынша келесідей кезеңдерден тұрады: 1.оқу жиыны; 2.арнайы жиын; 3.сынау жиыны. Әскери міндеттілердің әскери білімін қайта даярлау және жетілдіру бойынша оқу жиындарында мынадай әскери міндеттілер жатады: жоғары лауазымға запастағы офицерлерді дайындау; запастағы сержанттар мен сарбаздардың қатарынан запастағы офицерлерге дайындау. Әскери міндеттілерді жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының негiзiнде және осы Заңда белгiленген тәртіппен жүргiзiледi. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған әскери міндеттiлер мен әскерге шақырылушыларға жұмыс, қызмет орны бойынша толық есеп айырысу жүргізiледі, нақты жұмыс iстеген уақыты үшін жалақы, шығу жәрдемақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемдері төленеді. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақырылған азаматтарға өздерi тұрған тұрғын алаң сақталады. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттік қамсыздандыру (жәрдемақылар, зейнетақылар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетінін ескерте кеткен жөн. Сондай-ақ Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдары жұмылдыруды өткiзу кезiнде және соғыс уақытында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың уақытылы хабардар етiлуін және жиын пункттеріне немесе әскери бөлiмдерге жеткiзiлуін қамтамасыз етеді.
Алматы қаласының қорғаныс істері департаменті
Қарлығаш Мұсабекқызы