Туристер қазақтың құнды жәдігерлерімен танысады

/uploads/thumbnail/20170726103456920_small.jpg

Музей қорынан жасақталған көрме арқылы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары, жүздеген алыс және жақын шетелден келген туристер, еліміздің облысынан келген қонақтар Жамбыл облысының және Тараз қаласының материалдық және рухани мәдениетінің бірегей, құнды, қайталанбас жәдігерлерімен таныса алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеде облыстың және 2000 жылдан аса бай, мазмұнды тарихы бар қаланың сақ кезеңінен Қазақ хандығының қалыптасу кезеңіне дейінгі тарихы қамтылады. Бұл Тараз қаласында әр жылдары қазба жұмыстары нәтижесінде табылған Жетітөбе обасының алтын бұйымдары, сақ кезеңінің тарихын, мәдениетін айғақтайтын қола қазандықтар, найзаның және  жебенің ұштары, жануарлардың қола мүсіндері; Түркі, қараханид, моңғол, саманид теңгелерінің айналымда болған ең құнды топтамалары, ортағасырлық  сәулет өнерінің жауҺары болып табылатын  Айша бибі кесенесінің кірпіштері. Ортағасырлық тұрмыста түрлі мақсатта қолданылған күйдірілген, күйдірілмеген, жалатпалы қыш ыдыстар: үлкенді-кішілі шырағдандар, хош иісті әтірлерді, дәрілік заттарды, сынаптарды  сақтайтын жұмыртастар, майшамдар, түрлі ою-өрнек түсірілген тәрелкелер, жинақ сандықшасы, сыйымдылығы әр түрлі астық, сұйықтық сақтайтын хумдар, саптыаяқтар.

Қазақ хандығының қалыптасу кезеңіндегі қазақ батырларының қару-жарақтары: сауыт, дулыға, шоқпар  т.б. ұсынылады. Қазақ хандығы Жамбыл облысы Шу мен Талас өзендерінің аумағы Қозыбасы жерінде құрылған. 2015 жылдың қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілді. Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан сәнді  – қолданбалы  өнер бұйымдары: ағаштан жасалған бұйымдар.  Сонымен қатар экспозицияда Тараз суретшілерінің картиналары, инсталляциялар үлкен қызығушылық тудырады. Көрмеге 300-дей  жәдігерлер қойылған.

Связанные Статьи