Павлодарда үй өртеніп, 97 жастағы зейнеткер көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170726111752663_small.jpg

Павлодар облысы Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ақжол ауылында үй өртеніп, салдарынан 97 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметіне сүйеніп.  

- Кеше сағат 10:15 минут шамасында Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ақжол ауылында Тельман көшесі 1 мекен-жайындағы екі бөлмелі үй өртенген. Негізінен төсек орын, еден, үй заттары жанған. Өрттің аумағы екі шаршы метрді құрады.

Өкінішке орай құтқарушылар келіп жеткенде газбен уланып қалған 1920 жылғы ер адамның денесі табылды. Ал, 1970 жылғы үй иесі, әйел адам аман есен құтқарылды. Оқыс жағдайдың себебі мен шығыны анықталуда, - деді ТЖД мамандары.

Связанные Статьи