Елімізде бүгін ауа райы құбылмалы болады

/uploads/thumbnail/20170726105541000_small.jpg

26 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады.

Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады, түнде және таңертең жекелеген аудандарында тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл болуы мүмкін. Маңғыстау облысында найзағай кезінде кей жердерде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, дауыл болуы мүмкін. Күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады. Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Связанные Статьи