Астанада өтіп жатқан EXPO көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл – Германияның көрме индустриясы қауымдастығының басшысы Петер Невеннің пікірі. Сарапшы елордаға жасаған жұмыс сапарынан кейін көрмеге осындай баға берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар анарнасына сілтеме жасай отырып.
Ол осымен 25 жыл қатарынан әлемдегі ең ірі көрме кешендерін аралап көрген. Тәжірибелі маман Қазақстандағы EXPO сәтті өтіп жатқандығын тілге тиек етті. Айта кетейік, Германиядағы барлық көрме ұйымдастырушыларын біріктіріп отырған қауымдастықтың жүзжылдық тарихы бар. Ол халықаралық тәжірибелерді жинақтап, рейтинг жасаумен айналысады.
«Біздің сарапшылар бұған дейін де көптеген ЕХРО көрмесінде болған. Сондықтан біздің салыстыруға тәжірибеміз жеткілікті. Мен алдымен қабылдап жатқан елдің ұлттық павильонына мән беремін. Шындықты мойындау керек, Қазақстанның павильоны таңғаларлықтай. Шар тәріздес ғимарат ЕХРО-2017 көрмесінің бойтұмарына айналды, әрі Астананың көрікті нысандарының бірі болып қала бермек. Бұл – аймақтағы ең ауқымды көрмелердің бірі. Оның қорытындысын шығару әлі ертерек. Бірақ Қазақстан бұл мүмкіндікті сәтті пайдалана білді»,- дейді Германияның көрме индустриясы қауымдастығының басқарушы директоры Петер Невен.
Оставить комментарий