Генерал: АҚШ КХДР-ға жойқын соққы жасауға дайын

/uploads/thumbnail/20170731095304313_small.jpg

АҚШ пен оның одақтастары КХДР-ға жауап ретінде жойқын, әрі күшті соққы жасауға дайын. Бұл жайында АҚШ-тың Тынық мұхит жағалауындағы ВВС арнасының басшысы Терренс О’Шонесси мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Генералдың айтуынша, Солтүстік Корея «аймақтық тұрақтылыққа қатысты тікелей қатер» болып қалады. Алайда, Солтүстік Корея мәселесін шешу үшін дипломатия басым болу қажет.

«Егер бұйрық берілсе, біз өзіміз таңдаған жерге жойқын әрі күшті соққы жасауға дайынбыз», - дейді Терренс О’Шонесси.

Естеріңізге сала кетсек, 29 шілдеде Солтүстік Корея Жапониядағы Хоккайдо аралына қарай бағытталған баллистикалық ракетаны іске қосып, сынақтан өткізген болатын. Пхеньян да баллистикалық зымыранды алғаш рет түнгі уақытта іске қосып, сынақ жүргізген.

КХДР «Хвасон-14» баллистикалық зымыранының сәтті түрде іске қосылғандығын мәлімдеген болатын. Деректерге сәйкес, зымыранның ұшу уақыты 47 минут 12 секундқа дейін жеткен. Ал оның ұшу қашықтығы 998 шақырым болса, максималды биіктігі 3724,9 мыңға дейін барған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи