Йеменде үкімет әскері мен хуситтер арасындағы қақтығыста 50 адам қаза тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Белгілі ақпаратқа сәйкес, билік әскері бой көтерген хуситтерге қарсы шабуылды бейсенбіде бастаған. Сол кезден бері 20 әуе соққысын жасады. Оларға Сауд Арабиясы басқаратын коалиция жақтасқан. Қақтығыстардан йемендік 17 жауынгер мен хуситтердің 31 сарбазы қаза тапқан. Әскери операциялар арқылы билік жасағы хуситтерді Қызыл теңізге қарай ығыстырып, Ходейда портты қаласын өз бақылауына алуды көздейді.
Оставить комментарий