Америкалық спорт порталдарының шолушысы Патрик Коннор МакГрегордың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты сынын күлкілі деп атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-кесілтеме жасай отырып.
«МакГрегордың айтқандары күлкілі. Ол Головкиннің жағдайы туралы қалай айта алады, видеоны көріп пе? Мұны біреу шынайы қабылдайды дегенге сенбеймін.
Головкин – «Канело» жекпе-жегін асыға күтіп жүрмін. Болжам жасау қиын, бірақ, Головкинде мүмкіндік көбірек сияқты. Бәрі нокаут күткенімен, жекпе-жек 12 раунд болатын сияқты. Қалай болса да, уақыт көрсетер, сондықтан бәрі де өзгеріп кетуі мүмкін», – дейді Коннор.
Мұның алдында МакГрегор қазақстандық боксшының Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындығын көріп, Головкиннің физикалық жағдайы өте нашар екенін айтқан.
Өз кезегінде Головкин Мейвезермен жекпе-жекке шығатыны үшін сынға алып, мұны спорт емес, шоу деп атаған болатын.