Б.Момышұлы: «Басыңа күн туғанда, он екіден айырылма!»

/uploads/thumbnail/20170821162607948_small.jpg

Басыңа күн туғанда он екіден айырылма: 
1. Жағаласпай жан қалмақ қайда, төбелесте жаныңнан айырылма; 
2. Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де, ақылыңнан айырылма; 
3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма; 
4. Тіл - кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма; 
5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма; 
6. Өзіңді зор, басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма; 
7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма; 
8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың – малыңнан айырылма; 
9. Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар?! Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма; 
10. Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң – қосыңнан айырылма; 
11. Пенде жан серігі – бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша, намысыңнан айырылма; 
12. Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

Бауыржан Момышұлы

Оставить комментарий

Связанные Статьи